23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлерТалдықорған қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының аясында «Ұлы парасат иесі – Мұқағали» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев, облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, ақын Жұматай Оспанұлы, облыстық «Огни Алатау» газеті редакторының орынбасары Забира Сайдильдина, облыстық этномәдени орталықтардың төрағалары мен белсенділері, облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері, «Жаңғыру жолы» аймақтық штабының белседілері және тағы басқалар қатысты.
Сахна төріне Мұқағали Мақатевтың жерлесі әрі ақын Жұматай Оспанұлы шықты. Ол ақын жайлы қызықты әңгімлер айтып, бірнеше өлендерін оқып берді.
Белгілі журналист Забира Сайдильдина Мұқағалидың туған жері Қарасаз ауылына барғанын еске алып, ауылдағы тілі шыққан балаға дейін ақиық ақынның өлендердерін жатқа білетіні айтты.
Шара барысында ақынның шығармашылығы, өмірі туралы бейнефильм көрсетіліп, этнос өкілдері оның өлендерін бірнеше тілде жатқа оқыды.
23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?