7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Талдықорған қаласында полиция департаменті ғимараттарының біріне мина қойылды деп қоңырау шалып, жалған хабар таратқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Кешкі сағат 18:30 шамасында Талдықорғандағы облыстық полиция департаменті ғимараттарының біріне мина қойылғаны туралы қоңырау түсті. Хабардан соң жеке құрам ғимараттан эвакуацияланды. Оқиға орнына саперлер, кинологтер мен басқа да мамандар жіберілді. Олар ғимаратты толық тексерді», - делінген хабарламада.
Тексеру барысында ақпарат расталмады.
«Мина туралы қоңырау шалған азамат анықталды. Ол 1978 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам мас күйде болған. Азамат ұсталып, қалалық полицияға жеткізілді», - дейді ведомстводан.
Сондай-ақ ресми ақпаратта аталған факті бойынша тергеудің басталғаны айтылған.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?