Талдықорғанда қазақтар мен татарлардың өзара мәдени және рухани сабақтастығына арналған конференция өтті

17 Маусым 2019, 11:20 3493

Талдықорғанның Достық үйінде «Люди - реки» в Семиречье. К вопросу казахско-татарских связей в процессе становления народа Казахстана» атты Халықаралық ғылыми конференция өтті.

Іс-шараға тарих ғылымдарының докторы, М. О. Әуезов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері Марат Абсеметов, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, профессор, педагогика ғылымдарының докторы, академик, ҚХА мүшесі, облыстық татар және башқұрт мәдениеті қоғамының төрағасы Гриф Хайруллин, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері Алтын Уалтаева, «Туған тель» татар этномәдени орталығының төрағасы, ҚХА мүшесі Руслан Валишанов және тағы басқалары қатысты.


Татарлар ұлы далаға XIX-XX ғасырларда жаппай қоныс аударды. Бір дін, туған тілдердің ұқсастығы қазақтар мен татарларды бір-бірін мәдени және рухани өзара байытатын ең жақын тату көршілік халықтарына айналдырды. Қапал ауылы Қазақстан татарлары тарихындағы қасиетті орындардың бірі болып табылады. 


Конференция жұмысы барысында Семиречье (Қапал, Лепсинск және т.б.), Құлжа (Қытай), Семей, Петропавл, Ақмола облысы, Орал, Алматы қалаларына татарлардың келуінің тарихи материалдары қарастырылды.

Конференция соңында Қапал ауылының тумасы Фатима Ғабитованың тағдыры туралы «Фатима» фильмі көрсетілді.

Бөлісу: