12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтың қатысуымен маңызды кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуге құқық қорғау органдары өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесі мен қоғамдық кеңес мүшелері, сала мамандары мен белсенді жастар қатысты.
Отырыста Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков, Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Жанаев, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев және басқа да спикерлер сөз сөйлеп, құқық қорғау мен қоғамдық тәртіп мәселелерін талқылады.
Құқықтық тәртіп – қоғамның тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі. Заңның үстемдігі қамтамасыз етілген жерде азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалып, қоғамдық қауіпсіздік деңгейі артады. Әрбір азамат заң талаптарын сақтағанда ғана әділеттілік орнап, мемлекет пен қоғам арасындағы сенім нығаяды.
Тәртіптің сақталуы тек құқық қорғау органдарына ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігіне де байланысты. Қоғамдық тәртіптің бұзылуына төзбеушілік, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заңға бағыну – өркениетті қоғамның негізгі қағидалары. Осы бағытта жүргізілген ашық диалог пен бірлескен жұмыс құқықтық сауаттылықты арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Осы жоба арқылы азаматтардың заңды құрметтеуге, құқықтық мәдениетті арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікке өз үлестерін қосуға шақырады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер