Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?«El.kz» интернет жобасы 2012 жылдан бастап жастардың танымын арттыратын, білімін жетілдіретін алаңға айналды. Әсіресе, мектеп бітіруші түлектердің дені 2012 жылдан бастап сайтымызға тіркеліп, белсенді түрде ҰБТ-ға дайындалып жүр. Өткен жылы «El.kz» сайтындағы ҰБТ сұрақтарын 45 мыңға жуық талапкер пайдаланып, дайындығын пысықтады.
«El.kz» сайтындағы ҰБТ сұрақтары сіздің ешкімнің көмегіне жүгінбестен дербес тест сұрақтарын жаттап, оның дұрыс нұсқасын анықтауға көмектеседі. Сондай-ақ, сіз жауап беру арқылы маңызды сынақ алдындағы өз дайындығыңыздың қаншалықты деңгейде жоғары екендігіне көз жеткізесіз.
Қолданушылар сайттың қызметін пайдалана отырып, 13 пән бойынша өздерінің дайындығын пысықтап отырады (қазақ тілі, Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, дүние жүзі тарихы, география, биология, химия, физика, алгебра ).
Қазір «El.kz» сайтына мемлекеттік және орыс тілдерінде 13 пән бойынша 2014 жылғы ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны 260 нұсқасы орнатылды.
Ескере кететін бір жәйт, ҰБТ тапсырмаларын пайдалану үшін «El.kz» сайтына тіркеліп, электронды поштаңызды растау қажет.
Жыл сайын ҰБТ сынағына қатысушыларға осындай мүмкіндік жасап, талапкерлердің дайындық жүргізуіне мұрындық боп, ҰТБ тапсырмаларын (тест сұрақтары мен жауаптарын) El.kz сайтында орналастыруға рұқсат берген ҚР Білім және ғылым министрлігіне алғысымызды білдіреміз!
Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай