Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКөлік министрі Марат Қарабаев InDrive пен Яндекс жүргізушілеріне 50 шақырымнан асатын қалааралық сапарларға баруға тыйым салу туралы бастамаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет отырысынан соң өткен брифинг барысында Қарабаевтан тілшілер осы жайтқа қатысты талқылау қашан өтетіндігін және қандай ұсыныстар түсіп жатқанын сұраған. Ведомство басшысы бүгінгі таңда бұл сауал күн тәртібінен алынғанын айтты.
50 шақырым, 100 немесе 150 шақырымнан астам қашықтыққа шектеу енгізу министрлік тарапынан жасалған ұсыныс емес еді. Мұны қоғам дұрыс түсінсін деп айтып отырмын. Шектеуге қатысты ешқандай өзгеріс енгізу, одан қалды талқылау ұйымдастыру жоспарланып отырған жоқ. Бұл жұмыс тобы өкілдерінің бірінің ұсынысы болатын, - деді Марат Қарабаев.
Шенеунік бүгінде мұндай түзетуді енгізу мәселесі қаралып жатпағанын тілге тиек етті.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?