12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТалдықорғанда жолаушы такси жүргізушісінің көлігін заңсыз ұрлап кетті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлерге ұрланған шетел көлігін іздеуге көмек сұраған жергілікті тұрғынның өтініші келіп түсті. Белгілі болғандай, жолда келе жатып клиент жүргізушіден минералды су сатып алуды өтінді, оның сыртқа шыққанын пайдаланып, көлікті айдап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жәбірленушінің шетелдік көлігін Алматыдағы ойын-сауық орындарының бірінен тапты.
Автокөлік заңды иесіне қайтарылды. Күдікті тұлға ретінде біз 19 жастағы қызды ұстадық. Қазір іс жүзінде ҚР ҚК-нің 200-бабында (Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) көзделген қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамның жеке басын растайтын құжаттары болмағанын ескере отырып, ол уақытша қабылдау-тарату орнына жеткізілді, – деді Талдықорған ҚПБ бастығының орынбасары Қайрат Баймұханов.
Жыл басынан бері аймақта 37 автокөлік ұрлау фактісі тіркелді. Барлық көліктер табылып, иелеріне қайтарылды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер