29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстанда такси тасымалдаушылары үшін хабарлама беру тәртібіне өзгерістер енгізілді. Тиісті түзетулерді Ұлттық экономика министрлігі қабылдады.
Енді такси қызметін бастағысы келетін тасымалдаушылар жұмысқа кіріспес бұрын жергілікті атқарушы органдарға міндетті түрде хабарлама жолдауы тиіс. Жаңартылған формада автопаркке өзгеріс енгізу мүмкіндігі де қарастырылған. Атап айтқанда, көлік құралын ауыстыру немесе жаңасын қосу туралы мәліметтерді көрсету қажет болады.
Ведомство мәліметінше, бұған дейін қолданыста болған тәртіпте тасымалдаушы нақты көлікпен байланыстырылмаған. Соның салдарынан жол-көлік оқиғасы кезінде жолаушыларға немесе үшінші тұлғаларға зиян келтірілген жағдайда жауапты адамды анықтау қиын болған.
Осыған байланысты хабарлама формасына көлік туралы толық ақпарат енгізілді. Енді онда автокөліктің маркасы, мемлекеттік тіркеу нөмірі және шығарылған жылы көрсетілуі керек.
Министрлік бұл өзгерістер бірнеше маңызды мәселені шешуге мүмкіндік береді деп отыр. Атап айтқанда:
Жаңа талаптар такси нарығын реттеуді жетілдіріп, жолаушылар қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек