2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі«Әдетте «батыр» ұғымын батырлықты ғана білетін, алысқа ой тастамай, соғыстың стратегиясын ғана білетін тұлға ретінде қабылдаймыз. Ал жазушы Тәкен Әлімқұлов – Махамбетті батырлығымен бірге интеллектуал тұлға ретінде таныстырған бірегей қаламгер». Бұл – белгілі ақын Есей Жеңісұлының «Ұлт оқитын 100 кітап» YouTube жобасында айтқан пікірі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» романындағы Махамбет бейнесі мен Махамбеттің өзінің «Мен – мен едім, мен едім» бейнесі керемет қабысқан. Мұндағы басты ерекшелік – Махамбеттің өзімен өзі қалғандағы арпалысын жақсы суреттегендігі. Ішкі күйзелісі, жүректе қалып кеткен қалтарыс-бұлтарыс сезім мен ойларды қаламгер Махамбетің монологімен шығарудың үлгісін шебер жазып шыққан. Сондықтан Тәкен Әлімқұлов – тұлғалар галереясын қазақ әдебиетінде қалыптастырған қаламгер. Шіркін, ғасыр басында «Алаш» тұлғаларын Тәкенше ашып берген болса, керемет галерея болар еді! - деген пікір айтты Есей Жеңісұлы.
«Ұлт оқитын 100 кітап» YouTube жобасындағы осы тектес ойлар туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы қарауға болады.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс