22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды2023 жылдың 9 қаңтарынан бастап Таиландқа вакциналау туралы талаптары қалпына келтіріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Air Astana» әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 жастан асқан жолаушылар кемінде екі доза мөлшерінде толық вакцинацилау туралы анықтаманы (вакцинаның екінші компоненті елге келгенге дейін кемінде 14 күн алуы тиіс). Немесе соңғы алты айдан кешіктірмей (180 күн) алынған коронавирустан айығуды растайтын дәрігерден анықтаманы немесе вакциналаудан босату туралы хат-негіздемені көрсетуі қажет. Вакциналауы жоқ жолаушы дәрігерден себебін көрсететін хат ұсынуы керек. Сонымен қатар, жолаушылардың 5%-ы ұшып келген кезде ПТР тестін іріктемелі тапсырады.
ДДҰ мен Таиландтың Қоғамдық денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған вакциналардың тізімін мына сілтеме арқылы көруге болады.
Covid-19 індетіне байланысты жолаушының қайтып келуіне кедергі болатын талаптары бар елден келген болса, онда ол Таиландта 7 күннен астам болғанда Covid-19 емдеуді қамтитын медициналық сақтандыруға ие болуы керек. Жұмыс бабымен саяхаттаған адамдар, оның ішінде экипаж мүшелері де осындай талапқа сәйкес болу үшін қабылдаушы тараптан хат ала алады. Таиланд төлқұжаты бар жолаушылар вакциналау талабынан және медициналық сақтандыру талаптарынан босатылады. Транзиттік/трансферттік жолаушылар вакциналау талабынан және медициналық сақтандыру талаптарынан босатылады. Бұл жолаушылар бара жатқан елдің талаптарын сақтау тиіс.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев