23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Таиланд пен Камбоджа арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі бірлескен декларацияның қол қойылуына орай Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2025 жылғы 25-28 қазанда Куала-Лумпурда өтіп жатқан Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының (АСЕАН) 47-ші саммиті аясында АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Малайзияның Премьер-министрі Анвар Ибрагимнің тікелей қатысуымен Таиланд Корольдігі мен Камбоджа Корольдігі арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі бірлескен декларацияның қол қойылуын құптайды.
Қазақстан Оңтүстік Шығыс Азия өңірінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіруге бағытталған тараптардың күш-жігерін жоғары бағалайды. Қол жеткізілген уағдаластықтар БҰҰ Жарғысының негізгі қағидаттарына, қауіпсіздік пен өркендеуді қамтамасыз етуге бейілділікті көрсетеді, сондай-ақ кез келген дауларды реттеуде дипломатиялық шешімдердің баламасыздығын дәлелдейді.
Осы Бірлескен декларацияның қол қойылуы Таиланд пен Камбоджа арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың одан әрі нығаюына берік негіз қалайтынына және де АСЕАН аясындағы өңірлік ынтымақтастықты тереңдетуге өз үлесін қосатынына сенімдіміз, - делінген мәлімдемеде.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік