6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКүн райының бұзылуынан тағы екі автожолда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы QazAvtoJol компаниясы мәлімдеді.
Атап айтқанда, қар мен жол бойының көріну нашарлығына байланысты «Көкшетау – Рузаевка» күре жолының екі учаскесі жабылды. Бірінші учаске – Ақмола өңірінің шекарасынан Рузаевка ауылына дейін (СҚО территориясы). Екінші учаске – Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін (Ақмола облысының территориясы).
Бұған дейін бүгін кешкі сағат 20.00-ден бастап Ақмола облысында «Көкшетау – Атбасар» трассасында көліктің барлық түріне қозғалысқа тыйым салынды.
Сондай-ақ сағат 22.00-ден «Астана – Көкшетау» автожолында («Астана – Щучинск – Көкшетау») шектеу енгізу жоспарланып отырғаны айтылған болатын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі