22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМәжіліс отырысында депутат әйелдердің стресс деңгейін төмендету үшін жұмыс уақытын қысқарту мәселесін көтерді. Ол әлемдегі тәжірибеге сүйене отырып осындай норманы Қазақстанда да енгізуді ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Депутат Ажар Сағындықованың айтуынша, зерттеулер Қазақстандағы әйелдердің шамамен 480 минутын – ақылы жұмысқа, ал тағы 246 минутын отбасындағы ақысыз еңбекке жұмсайтынын көрсетеді. Балаларға, қарттарға және науқас туыстарына күтім жасаудың 95 пайызы әйелдердің мойнында.
Соның нәтижесінде әйелдердің тәуліктік жалпы жүктемесі 13 сағатқа дейін жетеді. Бұл – созылмалы шаршауға, эмоционалдық күйзеліске, өмір сапасының төмендеуіне және денсаулыққа қауіптердің артуына алып келеді.
Исландия, Ұлыбритания, Франция, Испания сияқты елдердің тәжірибесі апталық жұмыс уақытын қысқарту мен икемді кесте енгізу әйелдердегі стресс деңгейінің 40 пайызға дейін азаюына, жұмыс пен отбасы арасындағы тепе-теңдіктің жақсаруына ықпал ететінін көрсетіп отыр. Өнімділік те төмендеген жоқ.
Фракция еңбек кодексінде балаларға, қарттарға, науқастарға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға күтім жасап жүрген еңбек етуші әйелдердің апталық жұмыс уақытын қысқартуға құқығын бекітуді қажет деп санайды. Жалақысы мен әлеуметтік кепілдіктері толық сақталуы тиіс, – деді депутат.
Айта кетейік, осы мәселені депутат Қарақат Әбден де көтерген. Оның пікірінше, мұндай қадам әйелдерге балалар тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев