Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары«Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан тағы бір болжамды ананың анализ тапсырғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ анасын іздеген Жәнібектің ресми өкілі Қымбат Досжан Арқалық перзентханасында босанған келіншектерге хабарландыру жасады.
Мына ақпаратқа назар аударыңыздар, құрметті келіншектер, ер-азаматтар. Егер сіз, 2001-2003 жылдары Арқалық қаласының перзентханасында босанып, қолхат жазып, баладан бас тартып немесе қашып кеткен болсаңыз, анонимді түрде анализ тапсыра аласыздар, - деп жазды журналист Қымбат Досжан.
Жәнібектің қазіргі құжатында ЭддиЖан деп жазылған. Ұлты – қазақ, 2002 жылдың 17 қаңтар күні Арқалық қаласында дүниеге келген. Арқалыққа арнайы барған «Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан қазір он шақты әйелге күдік түсіп тұрғанын айтқан еді. Сондай-ақ баланың әкесі болуым мүмкін деп ер адамның тест тапсырғанын айтқан еді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар