29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ еліміздің тағы 4 өңірінде ауа райы қолайсыздығына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облысы:
10 қарашада сағат 19:30-да Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Өскемен" автожолының 615-967 шақырым аралығында (Жетісу облысының шекарасы - Қалбатау ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жетісу облысы:
10 қарашада сағат 19:30-да Жетісу облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Өскемен" автожолының 585-615 шақырым аралығында (Үшарал қаласы - Абай облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Екі өңірдегі бұл трассаларды 11 қараша сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Қарағанды облысы:
10 қарашада сағат 20:30-да Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1353-1426, 1426-1446 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін, Теміртау төлемақы алу пунктінен Теміртау қаласына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Ақмола облысы:
10 қарашада сағат 20:30-да Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты Ақмола облысында "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1291-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төламқы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Бұл жолдар 11 қараша сағат 08:00-де ашылады деп күтілуде.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек