6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров Қытайда өтіп жатқан «World Taekwondo President's Cup — Asian Region» жарысының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз финалда атақты таеквондошы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының және Гран-при кезеңдерінің екі дүркін жеңімпазы оңтүстіккореялық Джунг Джанмен кездесті.
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшымыз жарыс барысында барлығы төрт кездесу өткізді. Алғашқы кездесуінде ол қазақстандық Дулат Абдималикті, ширек финалда тайваньдық Хуанг Чо Ченгты сенімді түрде жеңді. Жартылай финалда Самирхон Оңтүстік Корея өкілі Жанг Жабинді жарыс жолынан ығыстырған болатын.
Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының аталмыш турнирдегі үшінші медалі. Жарыстың алғашқы күнінде Батырхан Төлеуғали (-80 кг) мен Азиза Каражанова (-53 кг) қола жүлде еншілеген болатын. Бұл жеңіс Қазақстанға 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысу үшін қосымша жолдама иеленуге мүмкіндік береді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі