Таеквондодан Қазақстан чемпионатында кімдер бақ сынайды?

Таеквондодан Қазақстан чемпионатында кімдер бақ сынайды?

Айзат Айдарқызы
Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы

4-6 қараша күндері Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында таеквондодан (WT) ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Байрақты бәсекеге Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан 350-ге жуық спортшы қатысады. Ерлер мен әйелдер арасындағы 16 салмақ дәрежесінде ел чемпиондары анықталады.

Жарыста әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері мен халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген үздік спортшылар да бақ сынайды. Атап айтқанда,  ұлттық құраманың 14 үздігі Алматы даянгына шығады. 

Ерлер:

Жавохир Исламов (−58 кг),

Ғазез Нұрбек (−63 кг),

Самирхон Абабакиров (−68 кг),

Бекасыл Ергеш (−74 кг),

Нұрлан Мырзабаев (−80 кг),

Бейбарыс Қаблан (+87 кг)

Әйелдер:

Айдана Құмартаева (−46 кг),

Жанель Султангалиева (−49 кг),

Азиза Караджанова (−53 кг),

Мария Севостьянова (−57 кг),

Нұрай Қазнабек (−62 кг),

Нұрай Хусайнова (−67 кг),

Назым Махмұтова (−73 кг),

Евгения Каимова (+73 кг) 

Қазақстан Чемпионаты Қазақстан таеквондо федерациясының YouTube арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Оқи отырыңыз

{