6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӘлеуметтік желіде таеквондо аңызы Мұстафа Өзтүріктің бұрын-соңды жарияланбаған бейнематериалы таралып, көпшіліктің назарын аударды, деп жазады El.kz интернет порталы.
Facebook-тегі Qazaqstan tarihy парақшасында жарияланған видеода әйгілі спортшы өзінің таеквондодағы дара шеберлігін паш етіп, көрген жұртты тәнті етті.
Желі қолданушылары бейнеролик астына жүрекжарды пікірлер қалдырып, сағынышқа толы естеліктер жазған:
«Ғажайып өнер», «Арыстандай айбатты ер еді», «Ұлттық батыр деңгейіне көтерілген тұлға», «Маңдайға сыймай кеткен асыл ер», «Ел үшін еңіреген ер еді».
Мұстафа Өзтүрік (Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман) – таеквондодан қара белбеу 6-дан иегері, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы әрі Қазақстанға осы спорт түрін алғаш әкелген бірегей тұлға. Ол Түркияда дүниеге келіп, Тайваньда білім алды, Еуропада бірнеше таеквондо мектебін ашты. 1990 жылдары тарихи Отанына оралып, қазақ жерінде бұл спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның шәкірттері алғаш рет қазақ туын халықаралық ареналарда көтерген еді.
Өкінішке қарай, 1995 жылы Алматыда жұмбақ жағдайда қаза тауып, Ыстамбұлда жерленді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі