Табиғаттың шынайы көрінісі: жылдың үздік пейзаж фотолары анықталды

Табиғаттың шынайы көрінісі: жылдың үздік пейзаж фотолары анықталды

Көктем Қарқын
Фото: «Жыл фотосуреті» номинациясының жеңімпазы / © Abraham Saikley

Natural Landscape Photography Awards (NLPA) байқауының ұйымдастырушылары биылғы жеңімпаздарды жариялады. Байқауға табиғат пен пейзажды барынша шынайы бейнелейтін фотосуреттер ұсынылған.

Natural Landscape Photography Awards қоршаған ортаны фотографтың түсірілім сәтінде өз көзімен көрген қалпына барынша жақын етіп жеткізуге ұмтылатын фотографтарды біріктіреді. Сондықтан байқауда басқа фотобайқауларда рұқсат етілетін көптеген тәсілдер мен құралдарға шектеу қойылған. Naked Science басылымының мәліметінше, NLPA-ның басты қағидасы – «түсірілім нысанының тұтастығы сақталуы керек».

Кадрға жаңа нысан қосылмаған

Соған қарамастан, фотосуретті өңдеудің кейбір тәсілдеріне рұқсат беріледі. Мысалы, бірнеше кадрды біріктіру немесе бірнеше суретті қабаттастырып өңдеу әдістерін қолдануға болады. Алайда кадрға жаңа нысандар қосуға тыйым салынады. Бұл талап композиттік өңдеуге ғана емес, генеративті жасанды интеллект көмегімен суретке өзгеріс енгізуге де қатысты.

Тіпті фотосуреттің белгілі бір бөлігін жергілікті түрде жарықтандыру сияқты кең таралған әдістің өзі байқаудан шеттетілуге себеп болуы мүмкін. Себебі мұндай өңдеу түсірілім кезінде болмаған жарық әсерін қосады.

Сайыстың алғашқы кезеңінен өткен цифрлық фотосуреттер түпнұсқа RAW файлдарымен расталуы тиіс. Сонымен қатар NLPA байқауына пленкаға түсірілген фотосуреттер де қатыса алады.

Биыл алтыншы рет ұйымдастырылған байқауға 52 елден 1086 фотограф 11 929 фотосурет жіберген. RAW файлдарын тексеру және қорытынды қазылар алқасының қарауына 2558 фотосурет пен 88 фотожоба өткен.

«Үлкен пейзаж» номинациясының жеңімпазы / © Xavier Lequarré

Жыл фотографы – Лукаш Фурлан

Natural Landscape Photography Awards-тың 2026 жылғы «Жыл фотографы» атағын Лукаш Фурлан (Lukas Furlan) иеленді.

Оның жеңімпаздар сериясында табиғаттың алуан көрінісі қамтылған. Автор мұздың макротүсірілімінен бастап, тау жоталарының ауқымды панорамаларына дейін әртүрлі жанр мен фототехниканы қолданған. Жұмыстардың барлығына ортақ ерекшелік – табиғи көріністі барынша шынайы жеткізу және суретті табиғи өңдеу.

«Жақын пейзаж» номинациясының жеңімпазы / © Hiroyuki Tsuchiya

NLPA негізгі «Жыл фотографы» номинациясымен қатар, «Жыл фотосуреті» атты жеке марапат та табыстайды.

Биыл бұл жүлдеге Абрахам Сайкли лайық деп танылды. Фотограф байқауға қырлы тау жотасының әсерлі көрінісін ұсынған.

«Платина/палладий» номинациясының жеңімпазы / © Julian Baird

«Абстрактілі пейзаж» номинациясының жеңімпазы / © Vincenzo Mazza

«Бірнеше экспозиция және ICM» номинациясының жеңімпазы / © Julian Lozinski

«Түн» номинациясының жеңімпазы / © Shane Turgeon

«Таулар» номинациясының жеңімпазы / © Benjamin Maze

«Саңырауқұлақтар мен қыналар» номинациясының жеңімпазы / © Jason Pettit

«Су пейзаждары» номинациясының жеңімпазы / © Annette Cuthbertson

«Мұз болып қатқан әлемдер» номинациясының жеңімпазы / © Tom Putt

Оқи отырыңыз

{