Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарСауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев жаңа жылдық дастарқанға қанша қаржы жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілі министрден жаңа жылдық дастарқанға қанша қаржы жұмсайтынын сұрады.
Сенбі күні базарға азық-түлік сатып алуға бардым. Жаңа жылдық үстелде 37 тауар түрі болуы керек деп айтып жатады. Оның ішінде оливье, подшуба салаты, мандарин, ананас және тағы басқаларын атауға болады. Маған базардағы сатушы апайдың «сен қанша жейсің, сонша сатып аласың» деп айтқаны ұнады. Сондықтан бұл жерде орташа тұтыну деп айтуға келмейді. Мысалы, мен базардан құрма, қызанақ, қияр, ет, 2 нан, сүт, жалпы орташа стандартты себетті алдым. Бағасы 24 мың теңгеге шықты. Бұл жаңа жылдық үстелге емес. Жаңа жылдық мерекеге жұмсалатын шығын сіздердің тәбеттеріңіз бен әмияндарыңызға байланысты, - деп жауап берді министр.
Министр жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы 9,8 пайызға өскенін айта кетті.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?