2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрТәжікстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ибодзода Хайрулло мырза Қарағандының Достық үйінде болды.
Елшімен ресми кездесуге Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын және «Тәжік диаспорасы» этномәдени қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.
Ерлан Бейсембайұлы алғы сөзінде «Достық үйі - азаматтық қоғам институттарына арналған көпфункционалды ресурстық орталыққа айналып, қазіргі күні бейбітшілік пен келісімнің және азаматтық бастамалардың ортақ шаңырағы саналады. Сондай-ақ, мұнда этномәдени бірлестіктердің жұмысын дамыту үшін барлық жағдай мен мүмкіндіктер жасалған»,- деп атап өтті.
Өз кезегінде Хайрулло мырза басқосуға жиылғандарға облыс аумағында тұратын басқа да этностармен достық пен келісімде өмір сүрудің маңызын, тәжік ұлтына ұқсас бауырлас қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеу керегін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон туралы Заңын мұқият түсіндірді.
Статистика бойынша Қарағанды облысында 2000-ға жуық тәжік этносының өкілі тұрады. Басқосуға жиылған көпшілік елшімен бірнеше түйінді мәселелерді талқылап, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды.
Өз кезегінде «Тәжік диаспорасы» этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шәкәрбек Норматов Тәжікстан Республикасының Елшілігіне тарихи Отанымен байланыс орнатқаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол этномәдени бірлестіктің негізгі қызметі - ұлттық мәдениет пен шығармашылықты жаңғыртып, салт-дәстүрлерді дамыту және өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеумен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын қолдау болып табылатын жеткізді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова