14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?Тәуелсіздік Сарайы 2008 жылы Елбасының бұйрығымен өз жұмысын бастады. Әсемдігі жағынан тек қана Астана қаласында ғана емес, жалпы Қазақстан бойынша ең әдемі ғимараттардың қатарына кіреді. Бұл ғимараттың басты артықшылығы — оның керегелерінде. Барлық керегелер қазақтың ою-өрнектерімен өрілген.
Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді. Ресми іс-шаралармен қатар концерттерді, көрмелерді, мерекелік жиындарды өткізуге барлық мүмкіндік бар.
Ғимараттың іші 10 залға бөлінген. Олар:
Тәуелсіздік Сарайы 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабат - ұлттық және қазіргі заман стильдерінің біртума үйлесімділігі. Осында 3082 адамға жасалған Конгресс-зал, 268 орны бар Рәсімдеу залы, 220 орны бар Пресс-орталық, сыйымдылығы 678 адамға арналған және сахна мен дыбыс аппаратурасымен жабдықталған кең мейрамхана орналасқан. Екінші қабатта қол өнер және этнография, археология және антропология галереясы орналасқан. Композициялық үйлестірілген археология залы Алтын адам, Сармат батыры, Берел аттары, құпия жазулары бар тастар сияқты сирек кездесетін ежелгі экспонаттарымен толққан. Адам киімі, аттардың әшекейлері, аң стилінде жасалған скиф-сақ әлемінің бұйымдары да осында орын тепкен.
Тәуелсіздік Сарайының галереясы Астана қаласындағы ең үлкен галерея болып табылады. Мұнда сіздер сурет өнерінің барлық түрін кездестіресіздер. Этнография мен қол өнері әйел әшекей-бұйымдары, қазақ даласының түрлі аймақтарының ұлттық киімдері, батырлардың қару-жарақтары, ән аспаптары, қолдан тігілген кілемдер, аңға шығу композициясы, әсерлі қыз ұзату көрінісі ретінде ұсынылған. Ғимаратта 18-19 ғасырлар экспонаттарымен қатар қазіргі заман шеберлерінің жұмыстары да орын тапқан. Сонымен қатар, Тәуелсіздік Сарайы назарларыңызға «Астана 2030» макет залын ұсына алады. Бұл жерде сіздер Астананың 2030 жылға дейінгі даму көріністерін көре аласыздар.
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды