30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақ-түрік мемлекеттері арасындағы технологиялық келісімдер туралы айтты, деп хабарлайды El.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Біздің Astana Hub стартаптар экожүйесі бар. Биыл біз Түркияның стартап экожүйелерімен таныстық. Қазіргі таңда екі елдің IT мамандары бір-бірімен тәжірибе алмасып, жұмыс істеуде. Олар Astana Hub секілді жүйелері арқылы бізбен идея алмасып қана қоймай, венчурлық инвестиция тартып жатыр. Жуырда өткен Digital Bridge 2022 форумына Түркияның Түркияның Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк келген болатын. Түркия министрімен бірігіп, осы мәселелер жөнінде талқыладық. Жәнеде, ғарыш саласындағы спутниктер жасау бойынша әріптестік орнатуды да қарастырып жатырмыз.
Алдағы уақытта екі ел бірлесе, спутник аппаратын жасап шығару ой да бар ма? - деді журналист.
Қазіргі уақытта бұл жобаны талқылап жатырмыз. Егер келісімге келсек, 2023 жылы бастаймыз деп ойлаймын, - деді Цифрлық даму министрі.
Сондай-ақ еліміздегі әлеуметтік желілердің не себепті кибершабуылға ұшырап жатқанына қатысты түсініктеме берді.
Маған ресми ақпарат келіп түскен жоқ. Мемлекеттік техникалық қызмет - киберқауіпсізікке жауапты ұйым. Олар бұл мәселе бойынша түсініктеме беруі керек, - деп қысқа қайырды Мусин.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды