Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында желкенді спорттан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, – деп хабарлайды El.kz.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Желкенді қайықшылар арасында өткен ел чемпионатына өңір намысын Түркістан облысының спортшылары қорғады.
Олар яхталардың әртүрлі дәрежелері бойынша 6 алтын, 3 күміс және 2 қола медальға қол жеткізді.
Жұптық сында Растислав Дубовской мен Богдан Рожанский алтыннан алқа тақса, жекелей сында Заңғар Әбдірахман да жеңістің шыңын бағындырды. Ал, қыздар арасындағы жекелей сында Светлана Чурикова алтын алқаны мойнына ілді.
«Кадеттер» сайысында Алишер Чемохов пен Анатолий Чуриков жеңіс тұғырының ең биігінен көрінді.
Қорытындыда медальдар жиынтығы бойынша Түркістан облысының спортшылары жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Алматы облысының командасы шықса, қола жүлдені Қонаев қаласының желкеншілері місе тұтты.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс