30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТұңғыш Президент күніне орай Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен этномәдени бірлестіктер арасында дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті.
«Біздің міндетіміз - қазақтың ұлттық тағамдарын қайта жандандырып қана қоймай, қазақ мәдениетімен әртүрлі этномәдени орталықтар құру, оларды бір бастамамен біріктіру», - деді Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің міндетін атқарушы Мадина Камеденова.
Әртүрлі этнос өкілдері қазақ ұлттық тағамдарын дайындауға ат салысты. Олар ет асып, дастархан дайындап, қонақтарды ұлттық дәстүрмен күтіп алды.
«Қазақ дастарханы» деген ұғымды қалай түсінетінін сайысқа қатысушы этнос өкілдері өз деңгейінде көрсете білді. Қазылар алқасы дәмді аспен бірге қазақы салт-сананы да бойына сіңірген этнос өкілдерінің барлығын сый-құрметке лайық деп таныды.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге облыстық иран этномәдени бірлестігі лайықты деп табылды. І орынды Сайрам аудандық филиалы, ІІ орынды түрік этномәдени бірлестігі мен тәжік этномәдени бірлестігі өзара бөлісті. Ал, ІІІ орын Төлеби аудандық филиалы, өзбек және славиян этномәдени бірлестіктеріне бұйырды. Сайыс жеңімпаздары алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды