Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыТүркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ-інің ұйымдастыруымен бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту, жастар арасындағы стартап жобаларды қолдау бағытында шеберлік дәрісі өтті.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысқан ашық дәрісте жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу, жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы сөз болды. Тренингті Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының спикерлері Дастан Кадиров пен Жандос Әзімбай жүргізді.
Жастарды кәсіпкерлікке баулу, көшбасшылық дағдыларға тәрбиелеу және мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды насихаттау мақсатындағы шеберлік дәрісіне этнос жастары мен оқу орындарындағы «Достық» клубының мүшелері қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша осы бағыттағы тренингтер жүйелі түрде өткізіліп, жыл соңында «Іске сәт!» тақырыбымен үздік стартап жобалар байқауы өткізілмек.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады