Бүгiн, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жарияладыТүркістан облысында есірткі жарнамалаған 214 сайт анықталды, деп хабарлайды El.kz.
Жалпы, Түркістан өңірі бойынша 9 ай ішінде 165 есірткі қылмысы тіркелген. Сондай-ақ, 208 есірткі теріс қылықтары анықталып отыр. Оның ішінде 19-ы есірткі сату болса, 19-ы – аса ірі көлемде есірткі затын сақтау, 55-і – есірткі контрабандасы.
«Жыл басынан бері Түркістан облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері заңсыз әрекетпен айналысқан 214 сайтты анықтап, бұғаттау бойынша шешім қабылдауға құзыретті мемлекеттік органға жолдады. Облыс аумағында есірткі өсімдігін еккен 69 дерек анықталды. Сондай-ақ, 200 мың түптен астам сора өсімдігі табылып, жойылды. Заңсыз айналымнан 1,5 тоннаға жуық түрлі есірткілер тәркіленді», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бүгiн, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жарияладыКеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?