Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыСайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы Кәсіптік колледжде Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Айбын» клубы және «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының әскери-патриоттық бағыттағы этнос жастарымен кездесуі өтті.
Оның барысында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының маңызы, азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, отансүйгіштік, адалдық, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту, этносаралық келісім мен толеранттылықты одан әрі нығайтуды насихаттау мәселелері көтерілді.
Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған «Айбын» әскери-патриоттық клубы жастардың жүрегінде жауынгерлік рухты тәрбиелеп, оларды ел қорғаны болуға міндеттейді.
Клубтың кезекті отырысында ұландарға ұлттық тәрбие берумен қатар ел саясатын жүзеге асырудағы міндеттері тереңінен айтылды. Әскери сала ардагерлері болашақ ел қорғандарына отанға қорған, халыққа қалқан болуды жіті түсіндірді.
Әскери қызметті насихаттап, еліміздің қарулы күштерінің имиджін арттыруды көздеген ұйымның құрылуына Қазақстан халқы Ассамблеясы мұрындық болды. Сондықтан клубтың тиісті дәрежеде еңбек етуіне «Қоғамдық келісім» мекемесі өз үлесін қоса бермек.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады