30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТүркістан облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен құрылымдардың отырысы өтті.
Аталған басқосуды Түркістан облыстық ҚХА төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Ғани Рысбеков жүргізіп отырды. Күн тәртібіне сәйкес жиында облыстық «Қырғыз» этномәдени бірлестігінің төрағасы Абылай Рысбеков облыстағы бірқатар этномәдени бірлестіктердің жұмысы туралы баяндаса, Ассамблея жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы, кеңес хатшысы Бақытжан Әшірбаев өз баяндамасында кеңестің жыл көлемінде жүзеге асқан келелі тақырыптарын тілге тиек етті.
Ғылыми-сарапшылық топ туралы «Ясауи» ғылыми зерттеу орталығының директоры Досай Кенжетай талдау жасап, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
Кеңес отырысында аналар кеңесінің 2019 жылы атқарған жұмысы мен жоспарлары тыңдалды. Төрайымы Дүйсенкүл Джамболова өз баяндамасында жыл көлемінде ұйымдастырылатын шараларды кеңінен тарқатып, бірқатар тірліктер легіне тоқталды.
Сонымен қатар «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының жұмысы жайында штаб мүшесі Әлібек Бексейіт сөз алса, «Достық-Медиа» журналистер мен блогерлер клубының жоспарларын Алишер Сатвалдиев баяндады. А. Ғапіржанұлы өз сөзінде клуб аясында қолға алынатын бірнеше ісшаралармен таныстырып, орындалу барысында жұмыла күш жұмсайтындығын ерекше атап өтті.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды