18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Төлеген Қапақұлы Оспанқұлов Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметіне тағайындалады, – деп хабарлайды El.kz.
Төлеген Оспанқұлов 1961 жылы 28 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.
Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын, Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын «КИЗ» тәжірибелік-өндірістік шаруашылығында мал дәрігері, МТФ №1 бригадирі болып бастады.
1988-1994 жылдары 23 Партсъезд атындағы совхоздың бас мал дәрігері, сүт кешенінің бастығы, бригадирі болып жұмыс істеді.
1994-1997 жылдары – «КИЗ» тәжірибелік-өндірістік шаруашылығында бас мал дәрігері.
1998 жылғы қарашадан бастап 2001 жылғы ақпанға дейін – Алматы қ. бойынша еңбек инспекциясы бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, еңбекті қорғау секторының меңгерушісі, еңбек инспекциясы бөлімінің басшысы.
2001-2008 жылдары – ЕХӘҚМ департамент директорының орынбасары – Алматы облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы.
2009-2014 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік еңбек инспекторы.
2014-2017 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік еңбек инспекторы.
2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік еңбек инспекторы.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр