6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, яғни 20 тамыз күні Шығыс Қазақстан облысы, Қатон-Қарағай ауданындағы Қарақаба жазығында Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған І Халықаралық экспедиция өз мәресіне жетті.
Халықаралық экспедицияға Әзербайжанның археология және этнография институтынан, Татарстан Ғылым академиясы А.Х.Халиков атындағы археология институтынан, Түркия Үкіметінің халықаралық ынтымақтастық және даму агенттігінен, А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінен және Манас атындағы қырғыз-түрік университетінен басшылар мен жетекші-мамандар қатысты.
Еске сала кетейік, бұл Халықаралық Түркі академиясы тарапынан жүргізілген екінші археологиялық қазба жұмыстары. Академия басшысы Д.Қыдырәлінің айтуынша, бұл халықаралық экспедиция дәстүрлі түрде өткізілетін болады. 2016 жылғы экспедиция Бумын, Білге қағандар билік құрып, Күлтегіннің ізі қалған Монғолия аумағында ұйымдастырылады деп күтілуде. Сондай-ақ, келешекте экспедицияны түркілердің табаны тиген Ресей, Венгрия, Иран, Үндістан, Мысыр, Қытай және басқа жерлерде жалғастыру жоспарланып отыр.
Дәурен Омаров
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі