23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстаналықтарға сыйлыққа көлік беремін деп алдаған екі күдікті қолға түсті, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 23 және 24 жастағы екі қаскүнемді анықтады. Ер адамдар интернет-дүкеннің тұтынушылар базасына қол жеткізіп, өздерін дүкен қызметкері ретінде таныстырып, тұтынушыларға телефон соғып, автокөлік ұтып алғандарын хабарлаған. Бірақ қалаған жүлдені алу үшін тіркеу, кедендік рәсімдеу және техникалық тексеруден өту үшін белгілі бір соманы төлеу керек деп алдаған, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Зардап шеккендер 500 мыңнан 14 миллион теңгеге дейінгі қаражатты жіберген. Қазіргі уақытта қаскүнемдер интернет-алаяқтықтың 16 фактісі бойынша күдікке ілінді.
Күдіктілер қамауда отыр. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-шы бабының 2 бөлігіне сәйкес, тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, олардың елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың құрбаны болмас үшін сақ болуды және ақша жөнелту кезінде қырағы болуды ескертеді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады