6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТанымал отандық журналист Ләйлә Сұлтанқызы Мемлекеттік кірістер басқармасына есеп берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осыдан біраз бұрын 2022-2023 жылдар бойынша «кірісін жасырды» деген біраз блогер мен өнер иелеріне салық комитетінен хабарламалар келген еді. Оның арасында Ләйлә Сұлтанқызы да болған. Тележүргізушінің сөзіне қарағанда, оның банк шотындағы садақа, батаға аударған ақшасы, туыстары мен достары жіберген қаражаттың бәрі табыс ретінде есептеліп кеткен.
Бұл мен күнделікті қолданатын банктерден алынған деректер екен. Әр түскен қаражат кіріс ретінде тіркелген. Оның ішінде сыйлық, садақа, бата, депозитке аударым, өз шотыңнан өзіңе аударылғандар, достар мен туыстар жіберген қаражаттар, тіпті баламның туған күніне аударған сыйлық та кірген. Әр тиын үшін есеп бердік, - деп жазды журналист.
Ләйлә Сұлтанқызы бұл мәселенің толық шешілгенін айтып, салық органдарынан хабарлама алып жатқандарға кеңес берді.
Алдымен ресми сауал жіберіңіз, мәліметті өзіңіздің жеке шоттарыңыздағы ақпаратпен салыстырып шығыңыз. Кез келген транзакцияға жауап бере алатындай дайын болыңыз. Ең бастысы мән бермей ертеңге қалдырмаңыз, - деді ол.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі