Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыRespublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров Мәжліс сайлауына депутаттыққа ұсынылған Сырымбек Таудың сайлаудан шеттетілуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айдарбек Ходжаназаров “Неліктен заңға сәйкес келмейтін Сырымбек Тауды үміткерлікке ұсындыңыздар?” деген журналистер сауалына жауап берді.
“Сырымбек Тау елімізде 19 жыл тұрды. Бірақ біздің заңымыз бойынша Қазақстан төлқұжатын 2013 жылдың сегізінші айында алған. Бізге жеті ай жетпей қалды. Бірақ Сырымбек Тау біздің мемлекетімізге 2004 жылы көшіп келген. 19 жыл. Сондықтан біз 19 жыл толық деп ойладық”,- деді Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров.
Айта кетейік, Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау сайлауға қатыспайтын болды. Сондай-ақ ОСК Respublica партиясы тізімінен тағы екі адамды алып тастады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары