6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚысқы шиналар сырттай бүтін әрі жаңа болып көрінгенімен, олардың ішінде көзге көрінбейтін қауіпті өзгерістер жүруі мүмкін. Автосарапшы Дмитрий Попов ескі шиналарды пайдаланудың қандай қауіп төндіретінін түсіндірді.
RT басылымына берген сұхбатында сарапшы қысқы шиналардың уақыт өте келе өзінің бастапқы қасиеттерін жоғалтатынын айтты. Оның сөзінше, резеңкенің ішінде көзге байқалмайтын зең саңырауқұлақтары пайда болып, материалдың құрылымына кері әсер етуі мүмкін.
Маманның айтуынша, үш-төрт жыл пайдаланылған шиналарды бірден ескірген деп есептеуге болмайды. Ал сегіз-он жыл болған шиналарға ерекше назар аудару қажет. Өйткені мұндай резеңкенің беріктігі мен серпімділігі төмендеуі ықтимал.
«Бұл – көзге онша байқалмайтын, бірақ резеңкені біртіндеп бүлдіретін зең саңырауқұлағы. Сондықтан шиналарды полиэтилен пакеттерде сақтамаған жөн. Мұндай орта саңырауқұлақтардың көбеюіне қолайлы жағдай туғызады», – деп түсіндірді Попов.
Автосарапшы жүргізушілерге сыртқы зақымдану белгілері болмаса да, тым ескі шиналарды пайдаланудан бас тартуға кеңес берді.
Оның айтуынша, уақыт өте келе резеңке тығыздығы мен серпімділігін жоғалтады. Бұл көліктің жолмен ілінісуіне және қозғалыс қауіпсіздігіне кері әсер етуі мүмкін.
Сарапшы қысқы шиналарды таңдағанда олардың сыртқы көрінісіне ғана емес, шығарылған жылына, сақталу жағдайына және техникалық күйіне де назар аудару керектігін ескертті.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі