Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше, қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсуі 4,2%-ті құрап, қаңтардағы 3,9%-ке қарағанда жеделдеген.
Салалар арасында ең жоғары өсуді құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалау, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі көрсетті. Өңірлер арасында ең жоғары өсу Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында байқалды. Бұл ретте Ақмола, Атырау және Маңғыстау облыстарында инвестиция көлемінің төмендеуі байқалады. Алдын ала қорытынды бойынша, ағымдағы жылғы қаңтарда сыртқы сауда тауар айналымы 10 миллиард доллардан асты, - деді министр Нұрлан Байбазаров.
Сонымен қатар ол қаңтар-ақпанда 2 миллион шаршы метрден аса тұрғын үй пайдалануға берілгенін атап өтті.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,4%-ке төмен. Тұрғын үйді пайдалануға берудің айтарлықтай төмендеуі Ұлытау, Маңғыстау, Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалды. Ең жоғары көрсеткіш Жетісу облысында және Астана қаласында тіркелді, - деді Байбазаров.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары