6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Молдова Республикасының еліміздегі Елшісі Штефан Горданы қабылдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кездесу барысында Е.Қонысбаев Елшіні тағайындалуымен және Астанадағы Молдова Елшілігінің ашылуымен құттықтады. Осыған орай қызметке сәттілік тілей отырып, елшіліктің жұмысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына, сондай-ақ өзара іс-қимыл мен серіктестіктің жаңа бағыттарының дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.
Сұхбаттастар Қазақстан мен Молдова арасындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен болашағын, сондай-ақ осы жылы биік және жоғары деңгейлерде өтетін алдағы іс-шаралардың кестесін талқылады.
Өз кезегінде Молдова Елшісі Қазақстан тарапына жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды достық пен серіктестік рухында жандандыру үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін атап өтті.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі