Кеше, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының еліміздегі сайлауға берген бағасына пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"ЕҚЫҰ ДИАҚБ-тың 2022 жылғы Қазақстандағы президенттік сайлауды бақылау жөніндегі миссиясының алдын ала нәтижелері мен тұжырымдары туралы мәлімдемеде объективтіліктің жоқтығы байқалады және осы уақытқа дейін республикамыздың қолдауына ие болған ұйым маңызды институт ретінде ДИАҚБ тиімділігіне күмән туғызады.
Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ) ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің олардың қызметінде «адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық сақтауды қамтамасыз етуге, заң үстемдігі негізінде әрекет етуге және демократия қағидаттарын жүзеге асыруға» бағытталған қызметіне көмек көрсету мандаты бар екені мәлім (1992 жылғы Хельсинки құжаты).
Мәлімдеме ЕҚЫҰ ДИАҚБ үшін дәстүрге айналған бейтарап тұжырымдардың трафаретті және біржақты қорытындыларды қамтиды және еліміздегі ішкі жағдайды толық түсінбейтінін көрсетеді.
ЕҚЫҰ ДИАҚБ байқаушылар тобы мен оның басшылығының қызметі Қазақстан Президентінің елімізді трансформациялауға, оны құқықтық дамыған озық қоғамға айналдыруға бағытталған реформаларына қарсы достық емес көзқарасты айқын көрсетті.
ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының дәлелсіз және фактілермен расталмаған айыптау мәлімдемесі сайлауды бақылаған барлық беделді халықаралық ұйымдардың қорытындысына сәйкес келмейді, бұл оның біржақтылығын тағы да көрсетеді.
ЕҚЫҰ ДИАҚБ мәлімдемесінің мазмұны Қазақстан билігімен ұзақ мерзімді және сындарлы ынтымақтастықты дамытуға ұмтылыстың жоқтығын көрсетеді және бұл міндетті түрде бізбен ескеріледі", - делінген СІМ жауабында.
Кеше, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Кеше, 12:33
Grand Prix: Ғұсман Қырғызбаев пен Хифуми Абе финалда күреседі25 Маусым, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер