Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Дипломат РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Ермек Көшербаевты ҚР СІМ басшысы болып тағайындалуымен құттықтауын жеткізді.
Тараптар көпқырлы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, оның стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.
Ерекше назар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне аударылды. Бұл іс-шараның екіжақты байланыстарды барлық бағыт бойынша жандандырудағы жоғары маңызы расталды.
Кездесу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Сұхбаттастар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және халықаралық аренада іс-қимылдарды тығыз үйлестіруге дайындығын растады.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс