7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу дипломатиялық миссияның аяқталуына орай Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Чжан Сяоны қабылдады.
Мұрат Нұртілеу қазақ-қытай ынтымақтастығының деңгейін жоғары бағалап, Қытай дипломатының екі ел арасындағы мызғымас достық пен өзара қолдауы бар мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға қосқан үлесін атап өтті.
Өз кезегінде ҚХР Елшісі өзінің Қазақстандағы миссиясы барысында үнемі қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, еліміздегі жұмысы ол үшін үлкен жауапкершілік пен құрмет болғанын білдірді.
Тараптар саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың перспективаларын белгілеп, жүргізіліп жатқан мәдени-гуманитарлық іс-шараларды екі халықтың арасындағы достықтың берік көпірі деп атап өтті.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?