23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу дипломатиялық миссияның аяқталуына орай Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан СІМ қазақ-америкалық ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту маңыздылығын атап өтті. Ал АҚШ Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы барысында үнемі қолдау көрсетілгені үшін шексіз алғысын білдірді. Сондай-ақ ол Қазақстанмен өзара құрмет пен сенім рухында ынтымақтастықты нығайтуға АҚШ бейілділігін ерекше атап өтті.
Кездесу соңында Мұрат Нұртілеу АҚШ Елшісіне Қазақстандағы жұмысы барысында екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесін атап, Алғыс хат табыс етті.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады