Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Сырдария ауданының А.Тоқмағанбетов және С.Сейфуллин ауылдарын газ желісіне қосу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шараға қатысқан аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады.
Сырдария ауданының ынтымағы мен бірлігі жарасқан Сәкен Сейфуллин, Асқар Тоқмағанбетов атындағы ауылдары «көгілдір отынға» қосылуда. Мемлекет басшысы «Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде жетілдіру. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз керек», деген болатын. Ауыл тұрғындары от жағып, күл шығару бейнетінен арылып, шынайы қуанышқа бөленуде. «Көгілдір отыннан» тараған жылу барлық үйді бақыт пен шаттыққа кенелтсін!, - деді ол.
Бүгінде өңір тұрғындарын газбен қамту көрсеткіші 75 пайыз, биыл 30 млрд. теңгеден астам қаржыға 306 шақырым газ желілері тартылуда. Осы жобалардың нәтижесінде аймақ халқының 78 пайызы «көгілдір отынмен» қамтылады. Келесі жылы 10-нан астам елді мекенді газдандыру жоспарланған.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар