Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қатысты бірнеше маңызды ұсыныс жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенатордың айтуынша, өңірлік БАҚ алдында бірқатар күрделі мәселелер бар. Олардың ішінде контенттің бірсарынды болуы, әлеуметтік желілермен бәсекелесе алмауы және аудиториямен өзара байланысының әлсіздігі ерекше атап өтілді.
Көптеген жергілікті газеттер цифрлық форматқа көше алмағандықтан, ақпараттық кеңістікте белсенді азаматтар мен блогерлер дәлелденбеген мәліметтер таратып жатады. Бұл қоғамның билікке, оның ішінде Президентке деген сеніміне кері әсер ететіні белгілі. Сонымен қатар, редакциялардың әкімдікке тәуелділігі салдарынан сыни мақалалар жазылмайды, керісінше, жергілікті атқарушы билікті мадақтауға басымдық беріледі.
Осыған байланысты Бибігүл Жексенбай жергілікті БАҚ-тың рөлін күшейту және олардың тиімділігін арттыру мақсатында Ақпарат министрлігіне келесі ұсыныстарын жеткізді:
Бұған дейін Бибігүл Жексенбай отандық медианың қазіргі жағдайына тоқталып, саладағы жүйелі мәселелерді шешу қажеттігін атап өткен болатын.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары