12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБірнеше рет сынның астында қалған Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов қызметінен кетіп тынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының активімен кездесу өткізіп, оның қорытындысы бойынша қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту бойынша жұмыстардың тиісінше ұйымдастырылмауына, қала тұрғындары үшін облыс орталығын дамыту және абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуына қажетті бақылаудың болмауына, қала әкімдігінің Павлодар қаласының тұрғындарымен коммуникациясының әлсіреуіне байланысты Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаиповты лауазымынан босату туралы қабылданған шешімді мәлімдеді, - деп жазылған әкімдік таратқан ақпаратта.
Облыс әкімінің аппаратына Президент әкімшілігіне тиісті ұсыныс енгізу тапсырылды. Ал қырық жасқа толмаған Е. Иманзаипов қала әкімі қызметіне 2022 жылдың соңында тағайындалған еді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер