Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсҚазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлау алды бағдарламасындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелердің орындалуы, сондай-ақ, кеден, құрылыс салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді жоспарды жүзеге асыру барысы қаралды.
Атқарылған жұмыстар жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің есептері тыңдалды.
Ерлан Қарин сыбайлас жемқорлықпен күрес Мемлекет басшысы басымдық беріп отырған негізгі бағыттың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар бұл тараптағы жұмыс Қазақстан қоғамын жаңғыртуға бағытталған реформаларды тиімді іске асыруға септігін тигізетінін айтты.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды