13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық күнтізбесін жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың ақпан айында өңірлерде «Сыбаға» қайырымдылық акциясының іс-шаралары өтті.
Оған этномәдени бірлестіктер, меценаттар және кәсіпкерлер арасынан демеушілер қатысты. Әлеуметтік аз қамтылған 3565-тен аса отбасылар мен 143 823-нан аса мұқтаж жандарға жалпы сомасы 298,8 млн. теңгеге көмек көрсетілді.
Он екі облыста (Астана, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан) кең ауқымды іс-шаралар өтті, әр облыста 20-дан астам іс-шаралар өткізілді.
Этномәдени бірлестіктер ҚХА жастар ұйымдарымен бірлесе, концерттер ұйымдастырды, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге және жалғыз басты аналарға «Сыбаға» пакеттерін (азық-түлік себеттері, жинақтар) тапсырды.
Жамбыл облысында «Шиват-Цион» еврей орталығы 42 қарт адамдардың зейнетақысына ай сайын 7000 мың теңгеден аударып отыр, ал Қызылорда облысында үш бірдей бүлдіршінінен қапияда көз жазып қалған анаға демеушілер акция барысында 2 бөлмелі пәтердін кілтін табыстады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды