30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты«Женевадағы БҰҰ-ның отырысында Қазақстандағы сығандар мәселесі туындаған болатын. Қазіргі уақытта Ақтөбеде сығандардың 2 мәдени орталығы тіркелді. Олар Ассамблеяның құрамына кіріп өз жұмыстарын жалғастыруда. Әлем бойынша сығандардың этностық тобы ең аз ұлттық топқа жатады. Әрбір мемлекетте қақтығыстарға ілігіп қалатын кездері де жиі болады. БҰҰ-ның отырысында сығандардың жағдайы қаралып тұрады. Еліміздегі сығандар қазақстандық ортаға бейімделген. Қазіргі таңда балалары мектепте, жоғарғы оқу орындарында білім алып жатыр. Олар өздерін Қазақстан қоғамына бейімделген этностық топ ретінде санайды», - деді Айгүл Сәдуақасова.
Айта өтейік, Ақтөбе сығандары өздерін Ассамблеяға мүше етіп алу мәселесін осыдан 3 жыл көтерген болатын. Ақтөбе сығандарының жетекшісі Елена Дмитриева журналистерге берген сұхбатында: «Саясатқа қатысымыз жоқ. Жеке басым саясат дегеннің не екенін мүлде білмеймін. Өйткені мен сығанмын ғой. Қай жерде құрметтейді, сол жерде жүреміз. Енді құр жүрмей, сығандардың басын біріктіреміз. Қазіргі заманға сай келетін дәстүрлерімізді насихаттаймыз» деген болатын.
Қазіргі уақытта Ақтөбедегі сығандар орталығында 200-ден астам сығандар тіркеліп, өздерінің жұмыстарын жалғастыруда.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды