2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі«Таңбалы» ғылыми қызметкерлері халықаралық тарихи-археологиялық экспедиция өткен Қоғалы алқабында қазба жұмыстары кезінде сенсациялық жаңалық ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды.
Түркі-соғды ерте ортағасырлық нумизматика саласындағы мамандардың пікірінше, бұл монета VII ғасырдың ортасынан бастап қолданылған. Экспедиция зерттеу жүргізген Коғалы алқабының ескерткіштері VII-VIII ғасырлардың алғашқы жартысында Жетісу жерін мекендеген батыс түріктердің мәдениетіне жатады, - делінген мәліметте.
Қазір «Таңбалы» ғылыми-реставрациялық зертханасында бірегей артефактқа қатысты алғашқы консервациялық жұмыстар жүргізілуде.
Археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс