Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстанда 1 қазан – Қарттар күніне орай өңірлерде зейнеткерлерге әртүрлі көлемде әлеуметтік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астана
Елордада 100 мыңнан астам зейнеткерге 2,5 АЕК көлемінде (шамамен 9 830 теңге) біржолғы төлем беріледі. Бұл бастама былтырғы дәстүр бойынша жалғасып отыр.
Алматы
Алматыда қаржылай көмек қарастырылмаған. Қала билігінің мәліметінше, зейнеткерлерге қолдау 13 түрлі әлеуметтік қызмет арқылы жүзеге асады.
Шымкент
Мегаполисте 70 жастан асқан қарияларға 3 АЕК (11 796 теңге) көлемінде біржолғы көмек беріледі. Ал 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға ай сайын 2 АЕК (7 864 теңге) әлеуметтік төлем қарастырылған.
Атырау облысы
Бұл өңірде мүгедектігі бар зейнеткерлерге қазан айында 7,5 АЕК (29 490 теңге) көлемінде біржолғы көмек төленеді. Сонымен бірге «Теңізшевройлдың» қолдауымен 2023-2025 жылдар аралығында 300-ге жуық қария Атырау шипажайында ем қабылдайды.
Ақтөбе облысы
Мұнда біржолғы өтемақы берілмейді. Әкімдіктің мәліметінше, қарттарға төлем Конституция күні жасалғандықтан, Қарттар күніне арнайы қаржы қарастырылмаған. Дегенмен мерекелік іс-шаралар өтеді.
Қарағанды облысы
Өңірде 70 жастан асқан 51 мыңнан астам зейнеткерге біржолғы төлем беріледі. Әкімдіктің хабарлауынша, жергілікті бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Сома қала-аудандарға қарай 10 мыңнан 20 мың теңгеге дейін өзгеріп отырады.
Маңғыстау облысы
Өңірде 70 жастан асқан 24 мыңнан астам қарияға аудандық және қалалық мәслихаттардың шешімімен 15 мың теңге көлемінде біржолғы көмек төленеді.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды