Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБұрынғы сүйіктісі Әлия Бутееваны ұрып-соқты деп айыпталған танымал қазақстандық актер Шәріп Серіктің басы дауға қалды. 33 жастағы актер бұл оқиғаға байланысты көпшілік алдында кешірім сұрауды жөн көрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
4 сәуір күні Шакенти Instagram-дағы жеке парақшасында жаңа жазба жариялады:
Менің атым – Шәріп Серік. Мен кез келген зорлық-зомбылықтың түріне қарсымын. Өкінішке қарай, сіздердің барлығыңыз менің Әлия Бутееваны лифтіден дөрекі түрде сүйреп шығарғанымды көрдіңіздер. Өзімді ақтағым келмейді. Бұл – үлкен қателік. Заң бойынша жауап беруге дайынмын. Ашуланып, ызаға булыққан сәтті көпшілік түсінетін шығар. Бірақ менің қателігімді қайталамаңыздар деп өтінемін. Мен шапалақпен ұрдым. Әлиядан, оның отбасынан және осы әрекетіме куә болған барлық адамнан кешірім сұраймын, - деді актер.
Актердің бұл мәлімдемесі желіде қызу талқыланып, түрлі пікір тудырды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?